×

Биыл ТЖМ бөлімшелері 2 мыңнан аса табиғи өртті жойды

Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 30,5 млн гектарды құрайды

 Динара Амантай 17.10.2022 | 10:15
Фото: topdialog.ru

Биыл елімізде Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері 2 мыңнан аса табиғи өртті жойды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Калининград қаласында үш елдің - Қазақстан, Беларусь және Ресей ТЖМ құтқару ведомстволарының бірлескен алқасы өтіп жатыр. Отырыс барысында қаралған мәселелердің бірі табиғи экожүйелердегі өрттерді сөндіру кезінде күштер мен құралдардың жерүсті топтарымен бірлесіп авиацияны қолдану бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерделеу болды.

Қазақстан Республикасы орманы аз ел болып табылады. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 30,5 млн га немесе мемлекеттің бүкіл аумағының 5% құрайды. Мұндай жағдайда ормандарды сақтау мәселелері маңызды мемлекеттік міндет болып табылады.

Биыл ТЖМ бөлімшелерін тарта отырып, 2 мыңнан астам табиғи өрт жойылды. Биік таулы және қол жетпейтін жерлерде, орман алқабының қалың бұтақтарында жұмыстар жүргізу кезінде жер үсті техникасын қолдану мүмкіндігі болмаған кезде ведомстволық бағынысты авиациялық бөлімше– Қазавиақұтқарудың күштері мен құралдары қолданылады, ол бүгінгі күні заманауи техникамен, жабдықтармен, сондай-ақ білікті мамандармен жабдықталған.

Авиапарк 33 тікұшақтан тұрады, әуе кемелерін орналастыру республиканың 17 ірі қаласында көзделген, бұл елдің кез келген нүктесінде ТЖ-ға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанның құтқару авиациясы ТЖ алдын алуға және жоюға мыңға жуық ұшуды жүзеге асырды. Биылғы жылдың қыркүйек айында еліміздің бірқатар өңірлерінде табиғи өрттер, оның ішінде Қостанай, Абай, Жетісу облыстарындағы ірі орман өрттері авиацияны қолданумен жойылған кезде неғұрлым қарқынды авиациялық парк іске қосылды. Бұл жағдайда табиғи өрттерді сөндіру үшін ВСУ-5А су ағызу құрылғылары бар Ми-8 тікұшақтары, өрттің ошақтары мен шеттеріне су жеткізу және ағызу үшін және ЕО-145 (Еурокоптер) барлау жүргізу және десантты өрт сөндіру орындарына жедел жеткізу үшін пайдаланылды.

Тікұшақ тобын қолдану жануларға, соның ішінде қолжетімділігі қиын жерлердегі жануларға тезірек ден қоюға мүмкіндік берді, өрт аймағына өрт сөндіргіш сұйықтықты жеткізудің жеделдігімен, ауадан жану ошағына бір мезгілде шабуыл жасаудың үлкен тиімділігімен, кірме жолдардың болуы мен олардың жағдайынан тәуелсіздігімен сипатталды, - деп атап өтті ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов.

Бұл ретте Марат Хасенов авиацияны қолданудың барынша тиімділігіне күштер мен құралдардың жердегі топтастырылуымен өзара іс-қимыл арқылы қол жеткізілетініне назар аударды. Мәселен өрттер анықталғаннан кейін тікұшақтан команда тез арада өрт орнына жеткізіліп, өртпен күрес жердегі әдістермен жүргізіледі.

Су төгетін құрылғысы бар авиация өрттің шетінде қарқынды жануды азайту және жердегі өрт сөндіру күштерімен орман өртін сөндіру үшін жағдай жасау жөніндегі жедел шара ретінде қолданылады.

Қазір аяқталып жатқан өрт қауіпті маусымның қорытындысы бойынша, жер үсті және авиациялық топтардың өзара іс - қимылының пысықталған тетігін қоса алғанда, табиғи өрттерге жедел ден қою нәтижесінде тіркелген табиғи өрттер мен жанулардың саны 7% - ға ұлғайған кезде орман қорының өрттен зақымданған алаңы 39% - ға қысқарды деп айтуға болады, - деді Комитет төрағасының орынбасары.

Марат Хасенов сондай-ақ Қазақстан ТЖМ бастамасы бойынша ормандарды өрттен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге ормандарда жасанды және табиғи су айдындарының кеңейтілген желісін құру жөніндегі норма енгізілетінін, бұл өрт орнынан 10 шақырымнан аспайтын радиуста тікұшақтармен су алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама