×

Деструктивті діни ағымдағы маңғыстаулық әйел айыппұлмен құтылды

Полицейлер әлеуметтік желілерді шолу кезінде тыйым салынған аудиодәрістің таралу фактісін анықтаған

 Еркеғали Болатұлы 16.10.2022 | 17:15
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында дәріс оқыған деструктивті діни ағым ізбасарына айыппұл салынды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік сот 31 жастағы әйелге 14 АЕК, яғни 42 мың 882 теңге көлемінде айыппұл салған.

Бұл ретте жергілікті полицейлер әлеуметтік желілерді шолу кезінде тыйым салынған аудиодәрістің таралу фактісін анықтаған.

Дәріс оқушы деструктивті діни ағымдардың ізбасары болып шықты. Оған қатысты «ҚР аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, тасымалдау, тарату» бабы бойынша хаттама рәсімделді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама