×

Павлодарда сотталғандар автобус аялдамасын жасайды

Олар 40-тан аса аялдаманы дайындауды жоспарлап отыр

 Дәурен Ерболат 14.10.2022 | 13:31
Фото: polisia.kz

Павлодардағы ҚАЖД №45 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар автобус аялдамасын жасайды деп хабарлады облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі.

«Еңбек-Павлодар» РМК директоры Асылбек Оспановтың айтуынша, аялдамаларды дайындауға тапсырыс Павлодар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінен түскен.

Өндіріске №45 мекемеде жазасын өтеп жатқандар тартылды. Колонияда қаңқалар жасалады, металл конструкциялар дәнекерленеді, - деді басшы.

Кейін аялдамалар арнайы материалмен қапталып, орындықтар, жарық көздері мен жарнамаға арналған электронды жабдықтар орнатылады. 

«Сотталушылардың жұмыс кестесі режим талаптарын ескере отырып белгіленеді», - деді мекеме басшысы Қуаныш Қойшыбаев. 

Мекеме облыс орталығында орналастырылатын 40-тан аса автобус аялдамасын дайындауды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама