×

Ресей қазақ блогерлерін соғысты насихаттауға шақырып жатыр

Белгісіз адамдар журналистті Украинаға баруға үгіттеген

 Дастан Жұмабекұлы 14.10.2022 | 13:09
фото: ашық дереккөз

Facebook-те Әлішер Елікбаев есімді журналист Ресейдің қазақ блогерлерін Украинадағы соғысты насихаттауға шақырып жатқаны туралы хабарлады.

Ол Украинаның Ресейге «қосылған» өңірінен белгісіз біреудің түн жарымда өзінің жарнама менеджеріне WhatsApp-пен хат жазып, соғыс болып жатқан жерлерді өз көзімен көріп қайтуға шақырғанын айтты.  

Бұл –  белгісіз біреудің менің жарнама менеджерімен жазысқан хаты. Енді кімнің осындай ұсынысқа келісім беретіні қызық болып тұр. Менің жарнама менеджерімнің еңбекқорлығын қараңызшы. Түнгі сағат 2-де минут сайын сұраққа жауап берген, –  деді ол.

Ал журналисттің менеджеріне шет елден жолданған хатта былай делінген:

- Сәлем! Бір көмек керек болып тұр.

- Қайырлы түн! Сізді тыңдап тұрмын.

- Бізге алдағы аптада бір күнге ДХР мен ЛХР-дың қауіпсіз жерлеріне ұшақпен, күзетшілермен барып, жағдайды көріп қайтуға блогерлер керек болып тұр. Сіздерде блогерлер бар ма?

Жұмыстың ақысын жақсы төлейміз. Болашақта тағы осындай жобалар болса хабарласамыз. Мақтап жазудың қажеті жоқ. Тек қалыптасқан жағдайды ғана түсірсеңіздер болады. Мысалы, ДХР мен ЛХР-дың адамдарымен сөйлесіп, біздің жауынгерлерді қолдасаңыздар жетіп жатыр. Басқа ештеңе керек емес. Жолақы, жатын орынды өз мойындарымызға аламыз.

- Біртүрлі ұсыныс екен. Біздің жауынгерлер дегеніңіз кімдер?

- АӘО-ны (Арнайы әскери операция, - ред.) айтамын.

Жарнама менеджерінің WhatsApp-пен жазысқан хаты осындай «нотамен» аяқталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама