×

Полицей Данияр Мейірханның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Шешіммен прокурор келіскен

 Дәурен Ерболат 14.10.2022 | 12:06
Фото: elitar.kz

Полиция қызметкері Данияр Мейірханның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқталды. Бұл туралы адвокат Шімірбай Ағабеков айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

Биыл мамырда Түлкібас ауданы полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен уақытша босатылған еді. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады (Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы) деген күдікке ілінген болатын. Кейін ол 40 млн теңге кепіл беріп, босап шықты.

Адвокат Шімірбай Ағабеков Данияр Мейірханның үстінен қозғалған іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын атап өтті.

Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты толық тоқтатылды. Ол заңсыз әрекет жасамаған. Басында бұл істі Шымкент қаласының ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеп-тексерді. Кейін іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. Агенттік істі біраз уақыт тергеп, оны тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылдады. Бұл шешіммен қала прокуроры келісті. Ол ақталды, - деді қорғаушы.

Сондай-ақ Данияр Мейірхан әлеуметтік желіде өзінің Шымкентке көшіп келгенін жазды.

Айта кетейік, Данияр Мейірхан 1981 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама