×

Қазақстанда халық саны 20 млн-ға жетіп қалды

Қаңтар мен тамыз айларының аралығында  263,8 мың сәби туған

 Дастан Жұмабекұлы 13.10.2022 | 17:44
фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8% көбейген.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 19 млн 666 мың 800 адам болды. 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%) қалада, 7 млн ​​535 мың 700 адам (38,3%) ауылдық жерде тұрады.

Ел халқының табиғи өсімі 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% азайып, 172,4 мың адам болды.

АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-тамызда Қазақстанда 263,8 мың сәби туған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз, –  делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 91,4 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 22,3% аз. 1000 адамды есептегенде 7 адам қайтыс болған.

Сәбидің қазасы 5,8%-ке азайған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама