×

Семей жылусыз қала ма? - Әкімдік жауап берді

Жылу беруге жауапты мекеме көмір алуға ақша таба алмай отыр

 Дәурен Ерболат 13.10.2022 | 15:55
Фото: vlast.kz

Семей қаласының әкімдігі «Теплокоммуноэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының қарызға белшесінен батқанын мойындап, бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады деп сендірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымына қатысты мәселе Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тікелей бақылауында.

Бүгінде жылу беру бойынша барлық жұмыс уақытында жүргізілді. Жабдықтар жарамды күйде. Семейде жылыту маусымы 29 қыркүйекте басталды. Қазіргі таңда қалада 16 қазандық жұмыс істейді. Көмірдің қоры жеткілікті – 40,5 мың тонна. Сондай-ақ 10 күнге жететін 28 мың тонна көмір бар, –  деп жазылған хабарламада.

Әкімдік шаһарда жылу беруге қатысты техникалық мәселе жоқ екенін, бірақ қаржы тыпшылығына қатысты проблема туындағанын жасырған жоқ.

Экономикалық сипаттағы мәселелер бар. Мысалы, кредиторлық берешек пен жалақының уақытында берілмеуі («Теплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының қарызы – автор). Бұл проблемалар облыстың қалалық, жергілікті бюджеттен қаражат бөлу есебінен шешіледі. Сонымен қатар республикалық бюджеттен субсидия бөлу мәселесі қарастырылып жатыр, –  деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бүгін Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова Семей қаласы жылусыз қалуы мүмкін екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама