×

Петропавлда туыстары 20 жыл өлдіге санаған әйелді түрмеден тапты

Нағашысы сотталған жиенімен кездесті

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 09:02
фото: polisia.kz

Петропавл қаласындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелді туыстары 20 жылдан бері өлдіге санаған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 8 қазан күні ер адам әйелдер колониясына хабарласып, сотталған Алтынгүл Баязиеваның туыс ағасы екенін айтқан. Оның айтуынша, 20 жыл бұрын жиенінің анасы қайтыс болған соң онымен байланыс үзіліп қалған. Осы уақытта жазасын өтеп жатқан әйелді туыстары өлдіге санаған.

10 қазанда ер адам бас бостандығынан айыру мекемесіне жиенімен кездесуге келген.

Кездесуде нағашысы жиеніне босатылғаннан кейін бірге тұратындарын, оған ешкімнің қарсы еместігін, енді оны ешқашан жоғалтпайтынын айтты.

Тағы бір айтатын нәрсе, жазасын өтеуші Алтынгүл Баязиеваның 8 жастағы қызы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Алтынгүл Баязиева қызымен 22 қыркүйекте ашық есік күні кездескен болатын.

«Жұма күні таныстарым ашық есік күнінен видео жіберді. Мен бірден жиенімді таныдым. Көп жылдан кейін оның тірі екенін білдім. Енді оны анасы босатылғанға дейін өз қамқорлығыма аламын. Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің барлығына алғыс білдіремін. Егер ол жаңалықтан көрсетілмесе, біз кездеспес едік», – деді Алтынгүл Баязиеваның нағашысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама