×

Еңбек министрі президент тапсырмасын орындай алмай отырған екі облысты атады

Мемлекет басшысы қалалар мен аудандарда тұратын 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру жөнінде тапсырма берген

 Халық үні 11.10.2022 | 13:17
Тамара Дүйсенова, фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының жұмыс орындарын құру тапсырмасын кейбір облыстар орындай алмай отырғанын айтты.

Министрдің мәліметінше, жұмыс орындарын құру жоспары Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан басқа барлық өңірде асыра орындалған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы 14 ауданның 11-інде жұмыс орындарын құру жоспары 60 пайыздан төмен. Мағжан Жұмабаев ауданында жоспар небәрі 22 пайызға орындалған. Павлодар облысындағы 13 ауданның 7-еуінде жоспар орындалмаған.

Тамара Дүйсенова осы мәселе бойынша премьер-министрге жүгініп, әкімдерге тиісті шаралар қабылдауды тапсыру және оның нәтижесін 10 айдың қорытындысы бойынша қайта қарау қажет екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама