×

Әскерилер запасқа шығарылады

Жауынгерлер резерв ретінде есепке алынады

 Дастан Жұмабекұлы 11.10.2022 | 10:19
фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштерде мерзімді қызметтің әскери қызметшілер запасқа шығарылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы жарлығына сәйкес, биылғы күзде Қарулы күштерден әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген 7000-ға жуық әскери қызметші запасқа шығарылады.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бір жыл ішінде мыңдаған жауынгерлер әскери істің қыр-сырын үйреніп, бөлімшелер құрамында жаттығуларға қатысты. Көптеген әскери қызметшілер оқу-жаттығу орталықтары мен кіші мамандар даярлайтын мектептерде алдағы өміріне қажет болатын әскери мамандықтар алып шықты.

Барлық әскери бөлімдерде салтанатты шаралар өтіп, сарбаздар жауынгерлік тумен қоштасып, плацта соңғы рет сап түзеп жүріп өтуде. Ал командирлер мен жеке құрам запасқа шығарылған мерзімді қызметтің сарбаздарына құрмет көрсетуде.

Үздік жауынгерлер грамоталармен, бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен, бөлімнің жауынгерлік туының тұсындағы фотосуреттерімен марапатталды.

Туған жерлеріне келгеннен кейін запасқа шығарылған әскери қызметшілер жергілікті әскери басқару органдарында әскери дайындалған резерв ретінде есепке алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама