×

Биыл заңды өрескел бұзған қанша судья қызметінен босатылды?

10 айда 47 судья жауапкершілікке тартылған

 Дәурен Ерболат 10.10.2022 | 16:01
Фото: Tengrinews.kz

Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова жыл басынан бері заңды өрескел бұзған қанша судья қызметінен босатылғанын айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Істі қарау барысында заңды өрескел бұзған судьялар ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бірақ бұл апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы қаулыда көрсетілуі керек. Мысалы, 2019 жылы 60 адам, 2020 жылы 66 адам, 2021 жылы 71 адам, биыл 10 айда 47 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді Нұрия Сисенова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол заңды өрескел бұзған судьялар қызметінен босатылғанын атап өтті.

2019 жылы 12 адам қызметінен босатылды. Бұл қаралған істердің – 20%-ы. Сол жылы 19 адамға сөгіс жарияланды, 29 адамға ескерту жасалды. 2020 жылы 12 адам, 2021 жылы 2 адам, биыл 10 айда 9 адам қызметінен босатылды, - деді Жоғары сот кеңесінің мүшесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама