×

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 105 мың теңге – Еңбек министрлігі

Елімізде 2,2 млн зейнеткер бар

 Ербол Тұрымбет 21.02.2022 | 10:42
фото: gov.kz

Биыл қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 млрд теңге бөлінген.

1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан астам адамды құрайды.

Биыл ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 291 теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама