×

Бүгін психикалық денсаулық күні: Қазақстанда 300 мыңнан астам пациент бақылауда тұр

10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі

 Халық үні 10.10.2022 | 10:30
көрнекі фото: onset.kz

Ресми статистикалық деректер бойынша Қазақстанда 300 323 пациент динамикалық бақылауда. 2021 жылы психикалық ауытқуы бар 9 918 пациент және тәуелділігі бар 13 361 пациент есепке алынды.

Қазақстанда психикалық денсаулық саласында мамандандырылған көмекті 2 республикалық, 17 өңірлік психикалық денсаулық орталығы (облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден), 83 бастапқы психикалық денсаулық орталығы (қалалық емханалар жанында), 192 кабинет (аудандық емханалар жанында) көрсетеді.

Биыл республикада MhGAP бағдарламасы енгізіліп жатыр (психиатриялық емес бейіндегі мамандардың сауаттылығын арттыру), сондай-ақ эмоционалдық жеңіп шығу бағдарламасы енгізілу үстінлде. Психикалық денсаулық сақтау қызметінің виртуалды Call-орталығын құру және ДДҰ-ның дестигматизация бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама