×

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кептелістің себебі түсіндірілді

Пост жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр

 Динара Амантай 09.10.2022 | 15:38
Фото: ашық дереккөз

Қазір қазақстандық «Қарасу» өткізу бекетінде жүк автомашиналарының кептелісі жоқ, пост жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі, Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жүк көліктерінің уақытша шоғырлануы Ресейден Қырғызстанға транзитпен келе жатқан көптеген көліктердің бір уақытта келуімен байланысты болған.

22 қыркүйектен бастап Қазақстан-Ресей шекарасында бірінші кезекте өткізілген Ресей азаматтарының ағымы өсті. Ресейден Қазақстан аумағына жүк көлігінің кіруі Ресей шекара қызметімен уақытша шектелді. Ресей азаматтарының ағыны азайғаннан кейін жүк көліктері Ресей тарапынан Қазақстан мен Қырғызстан бағытында бір уақытта жіберілді, – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған себепке байланысты «Қарасу» бекетіне жүк машиналарының бір мезгілде келуі байқалды, қазір Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылауы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама