×

Президенттікке үміткерлердің бірі лингвистикалық емтиханды үздік тапсырып шықты

Кандидат үш кезеңнен тұратын емтиханнан өтті

 Ая Өміртай 08.10.2022 | 16:19
фото: ашық дереккөз

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Мейрам Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті деп хабарлады Halyq Uni.

Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтті: тақырып бойынша жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде 15 минут сөз сөйлеу.

Емтихан аяқталған соң, комиссия талқылау өткізіп, қорытынды жасады.

Отырыстың қорытындысын лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.

Кандидаттың жазба жұмысы «Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер» тақырыбында болды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат берілген уақытты толық пайдаланды. Екінші тапсырма бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбына өз ойын 15 минут көлемінде баяндады.

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама