×

Атырауда діни ағым өкілдері жертөледе есірткі өсіріп, өңдеумен айналысқан

Олардың үйінен діни әдебиеттер, есірткі пайдаланатын құралдар мен суық қарулар табылған

 Еркеғали Болатұлы 07.10.2022 | 12:22
фото: ашық дереккөз

Атыраудағы көпқабатты үйлердің жертөлесінен деструктивті діни ағым өкілдерінің есірткі зертханасы табылды. Күдіктілер тыйым салынған өсімдіктерді жылыжайда күтіп-баптаған.

Есірткі өсірумен айналысқан 34-35 жас аралағындағы Атырау қаласының 3 тұрғынын экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Арлан» арнайы жасағы бірлесіп ұстады. Олар өсімдіктерді баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастырыратын құрылғы орнатқан.

Барлығы – Атырау қаласының тұрғындары. ҚР ҚК-нің 300 және 297-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облысының ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Бұл ретте жылыжай ішінен 17 түп қарасора бұтасы тәркіленген. Сондай-ақ күдіктілердің үйін тінткен кезде діни әдебиеттер, есірткі пайдаланатын құралдар мен суық қарулар табылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама