×

Жетісулық азамат есектің кесірінен қаза тапты

Жануардың иесі әлі анықталған жоқ

 Динара Амантай 07.10.2022 | 10:28
Фото: ашық дереккөз

Жетісуда есектің кесірінен қайғылы жол апаты болды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты кеше, 6 қазан күні кешке «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 275-шақырымында болған. Audi A4 көлігі жолға шығып кеткен есекке соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы жүргізуші көз жұмды. Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді, – деді ЖПҚБ ППБ қызметінің инспекторы Бауыржан Бейсебаев.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі әлі анықталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама