×

БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 1 млрд доллар береді

22,8 млн адам үнемі тамақ ішпейді

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 09:31
фото: ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы мұқтаж адамдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 1 млрд доллар береді.

«The Ramble»r басылымының хабарлауынша, БҰҰ Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) қаражаты ел үкіметіне де, елдің орталық банкіне де аударылмайды. 

Соңғы жылы БҰҰ көмекке зәру ауғандардың өмірін сақтап қалу үшін Ауғанстанға миллиардтан астам доллар жіберді. Ақша коммерциялық банкке орналастырылған. Бұл қаражат қазіргі билікке де, Ауғанстанның Орталық банкіне де ұсынылмаған, –  делінген хабарламада.

Қазір Ауғаныстан үкіметінің қабылдап жатқан шараларына қарамастан, елдегі экономикалық жағдай өте қиын. БҰҰ мәліметіне қарағанда, Ауғанстанның 22,8 млн азаматы үнемі тамақтанбайды, ал 8,7 млн адам аш-жалаңаш жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама