×

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны өскен - ІІМ

Жыл сайын елімізде 2 мыңнан аса адам қаза тауып, 18 мың адам жарақат алады

 Дәурен Ерболат 04.10.2022 | 10:55
Фото: ашық дереккөздерден

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов биыл қай өңірлерде жол апаты жиі тіркелетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын 13 мың жол апаты болған.

Соңғы 4 жылда, әсіресе, коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде жол апаты динамикасы төмендеді. Бірақ шектеулер мен блокпосттар алынғаннан кейін бұл көрсеткіш өсіп жатыр. Мәселен, биыл жол апаты 14%-ға (8 307-ден 9 429-ға дейін), қаза тапқандар саны 18%-ға (1 258-ден 1 478-ге дейін), жарақат алғандар саны 13%-ға өскен (10 947-ден 12 394-ке дейін), - деді министр Үкімет отырысында.

Марат Ахметжанов қай өңірлерде жол апаты жиі тіркелетініне тоқталды.

«Әсіресе, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жол апаты жиі тіркеледі. Қазақстан бойынша барлық жол апатының 56% (5 315 дерек), жарақат алғандардың 55% (6 869 адам), қаза тапқандардың 41% (604 адам) дәл осы өңірлерде болған», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама