×

«Ұлым– нашақор емес». Жамбылда өлі күйінде табылған жас сарбазға қатысты сараптама нәтижесі шықты

Ашынған ана жер қойнына тапсырылған ұлының мәйітін аштырып, қайта сараптама жасатуға бекініп отыр

 Ұлдана Жұбай 03.06.2022 | 19:00

Жамбыл облысындағы Меркі шекара заставасында әскери борышын өтеп жүрген жерінен жұмбақ жағдайда жоғалып, кейін өлі күйінде табылған Ұлықбек Бердішевтің жақындары сараптама нәтижесімен келіспей отыр. Сараптама қорытындысында Ұлықбекті «спирттік, сондай-ақ есірткі өнімдерін қолданған» деп жазылған.

Марқұмның анасына ұлы спирттік және есірткі өнімдерін қолданғандықтан есін білмей, Қырғызстандағы тауына қашып, сол жерде белдігіне асылып өлген деген нұсқаны айтқан. Алайда, қыршын кеткен сарбаздың анасы Орынкүл Мерекова «ұлым 19 жасына дейін жаман әдеттерден аулақ болған» дегенді алға тартып, сараптама нәтижесімен түбегейлі келіспейтінін айтып отыр. Ашынған ана жер қойнына тапсырылған ұлының мәйітін аштырып, қайта сараптама жасатуға бекініп отыр.

Еске салайық, 2 наурызда із-түзсіз жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде (Меркі ауданы – авт.) мерзімді қызмет өткеріп жүрген 19 жастағы әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішев 10 сәуірде өлі күйінде табылды.

Сарбаздың денесін оның туыстары Қызғызстандағы тауға (асылып тұрған жерінен) тапқан.

Ұшты күйлі жоғалған сарбаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Жас жауынгерді соңғы рет әскер қатарында жүрген Ердос Мырзағалиев көрген. Оның айтуынша, Ұлықбек екінші наурыз күні әскери бөлімдегі атқораны тазалап жүрген.

Ұлықбек – үйінің тұла бойы тұңғышы. Ол 2021 жылы 10 қыркүйекте әскери борышын өтеуге аттанған. Сол уақыттан бері Ұлықбек азаматтық міндетін абыроймен атқарып келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама