Балаларға азғындық жасауды тежейтін бағдарлама қажет – судья
Елімізде қанша педофил бар екені белгісіз
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Айгүл Мәлікова Halyq Uni ютуб каналындағы «Әділетті қоғам» бағдарламасына берген сұхбатында Үкімет тарапынан балаларға азғындық жасауды тежейтін бағдарлама керек деді.
Криминологияда құқық бұзушылықтардың алдын алу деген заңымыз бар. Тура осыған іспеттес, жас балаларға азғындық жасауды тежейтін бағдарлама шығаруымыз қажет. Әрине, бізде балалар құқығын қорғайтын ұйымдар бар. Бірақ, бұл жерде заңгерлер ғана емес, психологтар, құқық қорғау органдары бірігіп жұмыс істеуі тиіс. Заңнан бұрын әке-шешемен тәрбиені бастаған жөн - дейді Мәлікова.
Спикердің айтуынша, қазіргі коучтер мен психологтарға тікелей ата-аналармен жұмыс істеген дұрыс. Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы нашарлағаннан бір-біріне деген сенімнен айырылып жатқаны – басты мәселелердің бірі екенін атады.
Педофилдер қаладан гөрі ауылда көп – судья. Президент әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды.