×

Педофилдер қаладан гөрі ауылда көп – судья

Өйткені педофилдер көбіне жұмысы жоқ, ағайын-туысын паналап жүргендер

 Қымбат Елтайқызы 22.05.2024 | 09:56

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Айгүл Мәлікова Halyq Uni ютуб каналындағы «Әділетті қоғам» бағдарламасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді. 

Ауылда қалаға қарағанда педофилдер неге көп? Себебі қалада бала қараусыз жүрмейді. Әрбіріміздің пәтеріміз құлыптаулы. Үйіміздің үстінде камералар тұр. Педофилдер жүрсе, камераға түсіп қалады. Әрине, ауылда баласына қарамайды дегеннен аулақпын. Дегенмен, ауыл өмірінде балалар емін-еркін ойнап жүреді. Ауылдағы әйелдерде жұмыс көп. Қолдары босамайды. Ал педофилдер түрмеден шыққан соң ешкімге керек емес. Олар ауылдағы ағайын-туысын паналайды – дейді Мәлікова.

Судья сонымен қатар ауыл-аймақтағы полицияға педофилдерді есепке алып қана қоймай, оларды қадағалауға мән беру керек екенін қадап айтты. Спикердің ойынша, нәпсіқұмарлады дер кезінде анықтап, психотерапевт мамандарға емдету де аса маңызды.

Педофилдерге хирургиялық кастрация жасау: ІІМ депутаттардың ұсынысын азаптау деп санайды. Әйеліне қол көтергендер сотталып, педофилдер өмірбақи бас бостандығынан айырылады. «Олар өзгермейді». Депутат педофилдерді өмірбақи бақылауда ұстауды ұсынды. Президент әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды. Қазақстанға террористер мен педофилдер кіре алмайды: Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама