Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығына майнерлер ғана кінәлі ме
Үкімет цифрлық активтер индустриясының қатысушыларын электр энергиясынан ажыратқанымен Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Былтыр жыл басында Қазақстан билігі елдегі энергия тапшылығы туралы мәселе көтеріп, цифрлық активтер индустриясының қатысушыларымен күресті бастаған болатын. Атап айтқанда, нарықта заңсыз жұмыс істеп жатқан «сұр майнерлермен» ауқымды күрес басталды. Қаржылық мониторинг агенттігі майнинг фермаларына тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 55 ферма Қазақстанда жұмысын өз еркімен тоқтатты. Олар жұмысын толығымен тоқтатып, жабдықтарын орналасқан жерінен шығарды. Сонымен қатар тексеру кезінде 51 майнинг фермасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Олар уәкілетті органға қызметтің басталғаны туралы хабарламастан, энергия көздеріне заңсыз қосылып жұмыс істеген. Ведомство сұр майнерлерге қатысты 25 қылмыстық істі тіркеді.
Айта кетейік, сол кезде елдегі энергия тапшылығының себебі сұр майнерлердің қызметімен түсіндірілген болатын. Былтыр елімізде электр энергиясын өндіру көлемінің азаюы 2021 жылмен салыстырғанда азайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, елде электр энергиясын өндіру 1,1%, 113,8 млрд кВт•сағ-қа дейін қысқарды. 2021 жылы 5,7% өсім тіркелген болатын. Есеіне, былтыр жаңартылған энергия көздерінен (күн, жел электр стансалдары мен шағын ГЭС-тер) электр энергиясын өндіру көлемі 21% артып, елдегі өндірілген барлық энергияның 4,5%-ын құрады. Сондай-ақ елімізде жалпы электр энергиясын тұтыну деңгейі 1,1% қысқарған.
Қазақстан электр энергетика қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов энергия тапшылығын тек майнерлермен байланыстыру қате пікір деп есептейді. Себебі сұр майнерлермен күрес жүргізілгенімен, қуат тапшылығы өзектілігін жойған жоқ.
Өкінішке қарай, біз тапшылықты шешкен жоқпыз. Энергия тапшылығы әлі де сақталып отыр. Сондықтан елдегі энергия тапшылығына тек майнерлер ғана әсер етіп отыр деп айту қате пікір болуы мүмкін. Өйткені тапшылық біздің энергия өндіруші компаниялардың жоспарлы және жоспардан тыс жөндеулерге қаншалықты тоқтап қалатындығынан, Риддер мен Екібастұздағыдай ірі апаттардан және т.б. қалыптасады. Яғни, кейбір қысқа апаттар олар орын алып жатады. Былтыр елімізде апаттардың саны 2021 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Бізде жоспардан тыс тоқтатулар, апаттар өте көп болды. Мұның бәрі энергожүйенің қажетті қуат көлемін алмауына әсер етеді. Бұл біздің компаниялардың тозып, апаттық жағдайда болуына, негізгі құрал-жабдықтардың тозуына байланысты, – деді ол.
Оның пікірінше, энергетика саласында қордаланған проблемалар бар. Майнерлер тек соны әшкерелеп берді.
Салада жылдар бойы жинақталған проблемалар бар. Біз қазір апатты азайту және негізгі өндіруші қуаттарымыздың тозуын төмендету мәселелерімен айналысуымыз керек. Бұл да маңызды. Дәл қазір қанша майнер кеткенін айту қиын. Алайда Үкімет оларды өндіруші станциядан электр энергиясын алуды шектеу бойынша жұмысты жүргізіп жатыр. Бірақ бұл шешімнің қаншалықты дұрыс болғанын тек уақыт көрсетеді. Өйткені майнерлер де тұтынушылар, оларды энергиядан ажыратып, баламалы шешім ұсынбау өз аяғынды өзін атқанмен бірдей. Майнерлер салық төлеуге тиіс тұтынушы екенін ескерсек, біз оларға баламалы шешімдер ұсынбастан ол салықтан бас тарттық, – деп қосты Талғат Темірханов.
Қауымдастық басшысы билік цифрлы активтер нарығының қатысушыларын энергиядан ажыратумен қатар, баламалы жолдарды ұсынуы керек деп есептейді.
Баламалы шешімдерге келетін болсақ, қазір көптеген әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткіземіз. Мысалы, қытайлық компаниялар қуаты аз станцияларды жеткізуге дайын екенін айтып отыр. Мәселен, Екібастұзда көмірдің негізгі концентрациясы бар. Ондағы майнерлердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін төмен қуатты станцияларды салуға дайын. Жақын жерде көмір бар, қытайлықтар қатты отынмен жұмыс істейтін ЖЭО жеткізеді, шығарындылар мен төгінділер бойынша экология бойынша барлық нормативтер қанағаттандырылады және т.б. Бұл ретте кеншілермен тікелей шарттар жасалады. Яғни, өндіруші мен тұтынушының тікелей байланысы болады. Бұны да шешім деп қарастыруға болады. Бірақ оны енгізу үшін алдымен заңнамалық базаны реттеу қажет. Біз энергияны шектей бастағанда, майнерлер кетіп қалуы мүмкін. Ал онымен бірге салықтық түсімдер де кетеді, – деп қорытындылады Талғат Темірханов.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 1 маусымнан бастап цифрлық активтер индустриясының ойыншылары жаңа тәртіппен жұмыс істейтін болады. Жақында күшіне енетін «Цифрлық активтер туралы» заң нарықтың ойыншылары үшін бұрын болмаған ережені қалыптастырады. Жаңа заңға сәйкес, цифрлық активтер индустриясының қатысушылары жұмыс істеуі үшін лизенция алып, салық төлеуге тиіс.