×

Ауғанстанда жарылыстан 43 адам қаза тапты

Бұған дейін 33 адамның, соның ішінде 20 баланың денесі табылған еді

 Дастан Жұмабекұлы 03.10.2022 | 15:04
фото: ашық дереккөз

Ауғанстанның астанасы Кабул қаласындағы білім орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті.

Бұл туралы Twitter-де БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы (UNAMA) хабарлады.

Қаза тапқандардың арасында негізінен жастар, олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Қазір зардап шеккендердің саны 83-ке жетті.

Ауғанстанның астанасының Хазара ауданында жұма күні колледжде болған жарылыстан қаза тапқандар саны көбейіп жатыр. Соңғы дерекке қарағанда, 43 адам қаза тауып, 83 адам жарақат алды. Көбісі - қыздар мен әйелдер. Кабулдағы UNAMA адам құқықтары жөніндегі топтармен тексеру процесі жалғасып жатыр, –  делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, білім ордасындағы жарылыстан 33 адамның, соның ішінде 20 баланың денесі табылған еді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама