Төреғали Төреәлі бостандыққа шығады: Алматы облыстық соты мәлімдеме жасады
Бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шығады. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Соттың мәліметінше, әншінің қорғаушысы сотқа оны кепілдікпен босату жөнінде өтініш түсірген. Іс бүгін қаралған.
«Кеген аудандық соты күдікті Төреғали Төреәліні 10 млн теңге кепілдікпен босату жөніндегі істі қарады. Кепілдікпен босату ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексте қарастырылған»,- делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Көлсай демалыс аумағында гидті соққыға жыққаны үшін Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған болатын.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.