×

Жалған дипломмен мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналаспақ болған павлодарлық ұсталды

Университет жұмыс берушіге үміткердің оқу орнын бітірушілер тізімінде жоқ екенін айтып, оған диплом бермегенін хабарлаған

 Халық үні 01.10.2022 | 06:45
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарлық азамат жалған дипломмен мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналаспақ болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасу үшін құжаттарын тапсыра отырып, астаналық жоғары оқу орындарының бірін бітіргені туралы дипломын ұсынған. Ол құжаттардың шынайылығы тексерілетінін білмеген.  

Университет жұмыс берушіге үміткердің оқу орнын бітірушілер тізімінде жоқ екенін айтып, оған диплом бермегенін хабарлаған.

«Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ, жалған құжат жасау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының бірінші бөлігі бойынша тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама