«Ресей шекарасын қорғауға Қазақстаннан әскер жіберілді»: ҰҚК түсініктеме берді

Халық үні

Желіде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің формасындағы адамдардың суреті тарады

фото: ашық дереккөзден

Желіде БҚО-да Ресеймен шекараны қорғау үшін қосымша күш ретінде қазақ әскерлерінің тартылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты. 

Желіде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің формасындағы адамдардың суреті тарады. Ақпараттың түсініктемесінде бұл адамдар Ресей шекарасын қорғауға аттанған қазақ әскерлері делінген.

Алайда ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.