Алматыда жасөспірім 18-қабаттан секіріп кетті
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Алматыда 15 жастағы жасөспірім 18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап қайтыс болды.
Полицияның хабарлауынша, бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Алматы қаласының полиция департаменті 18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлайды. Бұл дерек қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлады полиция.
Сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Жасөспірім қаладағы №24 гимназияда 9-сыныпта оқыған. Мектеп басшылығы жағдайға қатысты пікір білдірді.