Төлеби ауданындағы түрмеде жазасын өтеушіге күш көрсеткен майор сотталды

Назерке Еркінбекқызы

Жауапқа тартылған Үсенов өз кінәсін толықтай мойындады

фото: Halyq Uni

Түркістан облысында түрмедегі жазасын өтеушіге күш көрсеткен майор сотталды. 37 жастағы Нұрбек Үсеновтің ИЧ-167/9 түзету мекемесінде бастық кемекшісі атанғанына бір жыл болған. Қызметінде жүрген ол 3,6 жылға сотталған азаматты күш қолдану арқылы тәртіпке салған.

Дау сотталған азаматтың түрмедегі арнайы киімді киюден шыққан. «Сендерге қан керек болса, асылып өлемін» деген жазасын өтеуші өзіне қол жұмсамақ та болған. Алайда суицидке оқталған азаматтың бұл ойы іске аспай, соңында таяқтың астында қалған. Сотта мекеме қызметкері Нұрбек Үсеновтің жазасын өтеушіні әскери аяқ киіммен тепкілегені де айтылды.

Жауапқа тартылған Үсенов өз кінәсін толықтай мойындады. Және билік пен лауазымын пайдаланды деген айыппен 5 жылға шартты түрде сотталды.