Байқоңырдағы қазақтар мобилизацияға шақырылып жатыр ма?

Дастан Жұмабекұлы

Әскери қызметке өз еркімен түскен тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін

фото: ашық дереккөз

Байқоңыр қаласында тұратын Ресей азаматтарына ішінара мобилизация бойынша іс-шаралар өткізілмейді. Бұл туралы қала әкімшілігі хабарлады.

Әскери қызметке өз еркімен түскен тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында РФ азаматтарын есепке алу-шақыру жұмыстары әскери комиссариат арқылы жүргізіледі.

Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазір Ресей азаматтарын соғысқа шақырту шаралары жүргізілмейді, –  делінген Байқоңыр қаласының ресми сайтында.

Бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанның мобилизациядан қашқан ресейліктерді елдеріне кері қайтарылмайтынын, өйткені оған Ресеймен арадағы келісшарт бойынша ешқандай құқықтық негіздің жоқтығын айтты.