Ресейліктер Қазақстанда қандай жұмыс істей алады?
Қазір елде 25 мыңнан аса ресейлік еңбек етіп жүр
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізге келген ресейліктер қандай салаларда жұмыс істей алатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Менің ойымша, еңбек нарығына қатты қысым болмайды. Себебі, Қазақстан заңнамасына сәйкес алдымен ұлттық экономикамыз үшін жұмыс орындары құрылады. Әрине, шетелдіктердің белгілі бір ағымы болады. Ол әрқашан болған. Қазақстандықтар арасында сұранысқа ие емес жұмыс орындарына гастарбайтерлер келеді», - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан соң.
Оның айтуынша, бұл жұмыс орындарына басқа елдерден келген адамдар орналаса алады.
Маусымдық жұмыстар бар. Оларға қазақстандықтар бармайды. Мысалы, құрылыс жұмыстары да бар. Біз гастарбайтерлердің қайда жұмыс істейтінін білмейміз. Алайда бұл орындар бос болмауы мүмкін. Әрине, біз жұмысты алдымен қазақстандықтарға береміз. Осындай саясатта ұстанамыз. Ал қалған мәселелер екінші орында болады, - деді министр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 25 мыңнан аса ресейлік еңбек етіп жүр.