×

Украинаның астығы тиелген төрт кеме экспортқа шықты

Түркия, Нидерланды мен Испанияға 72 мың тонна тауар бара жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2022 | 11:58
фото: ашық дереккөз

Украинаның дәнді-дақылдар мен сұйық май тиелген төрт кемесі тексерістен өтіп, экспортқа шықты.

Кемелерде 72 мың тонна тауар бар. БҰҰ-ның мәліметі бойынша жолға шыққан астық Түркия, Нидерланды мен Испанияға бет алды.

Қазіргі күнге дейін Украинаның үш портынан 4 млн 900 мың тонна астық сыртқа шығарылды.

22 шілдеде Ыстамбұлда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісім жасалды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама