Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

Халық үні

Әлем чемпионатын өткізу үшін «Барыс Астана» және «Алматы Арена» нысандарын көрсеткен

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді, деп хабарлайды Халықаралық хоккей федерациясы. 

Әлем чемпионатын өткізуге Қазақстанмен қатар Германия мен Норвегия өтінім берген.

Федерация мәліметінше, Қазақстан өтінімде әлем чемпионатын өткізу үшін Астана қаласындағы 11 400 орындық «Барыс Астана» және Алматы қаласындағы 12 500 орындық «Алматы Арена» нысандарын көрсеткен.