Тоқаев қауіпсіздік мәселелерін қарастырды

Динара Амантай

Отырыс соңында президент бірқатар тапсырма берді

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Отырыс соңында президент бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас асссамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барғаны туралы хабарлаған болатынбыз.  Ол жерде мемлекет басшысы 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысқан еді.