×

Тоқаев соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысқан

20 қыркүйектің басты оқиғасы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебаты болды

 Еркеғали Болатұлы 21.09.2022 | 16:15
фото: ашық дереккөз

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарының аралық қорытындысын жариялады.

Бүгін мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен, Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Питер Маурермен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Иордания Королі ІІ Абдалламен, Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен әңгімелесті. Жалпы, президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысты, - дейді Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, 20 қыркүйектің басты оқиғасы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебаты болған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шарада сөз сөйлеп, бірнеше жаһандық өзекті мәселені көтерді. Президент өз сөзінде бұрыннан қалыптасқан әлемдік қауіпсіздік жүйесін қалпына келтірудің, территориялық тұтастықты сақтаудың, елдердің егемендігін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті», - деді Руслан Желдібай.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке де қатысып, сөз сөйлеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама