Тұрғындарға бұрынғы көлік нөмірін ауыстырудың керегі жоқ
Бүгін Абай облысында жүргізушілерге жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Облыс тұрғындарына беріліп жатқан мемлекеттік тіркеу нөмірлерінде 18-аймақ белгісі бар. Таңертеңнен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келген көлік жүргізушілеріне жаңа нөмірлер беріліп жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеу нөмірін 8 адам алды, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Абай облыстық филиалының қызметкерлері.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда жаңадан 3 облыс құрылғаны туралы хабарланған еді.