Алматыда Beeline байланыс операторында ақау болды

Дастан Жұмабекұлы

 Ұялы байланыс пен интернетке шағымданған адамдар көбейіп жатыр

фото: ашық дереккөз

Beeline қолданушылары ұялы байланыс пен интернеттегі ақауға шағымданып жатыр. Компанияның баспасөз қызметі 21 қыркүйекте болған ақауға қатысты түсініктеме берді,

Абоненттер Алматыда Beeline байланыс операторы істемей тұрғанын хабарлады.

«Қазір біздің мамандар ақау себептерін анықтап, қызметтерді мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасап жатыр. Ақаудың себебі белгілі болғанда сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз», – деп хабарлады Beeline Қазақстан байланыс операторының баспасөз қызметі.