Halyq Uni логотип
×

Қайрат Сатыбалды ісі: зардап шеккен компания медиативтік келісімді қайтарып алуға өтініш берді

Бұған дейін тараптардың медиативтік келісім жасасқаны хабарланған еді

 Айнұр Шошаева 21.09.2022 | 16:12
Қайрат Сатыбалды ісі: зардап шеккен компания медиативтік келісімді қайтарып алуға өтініш берді
Сурет: ашық дереккөзден

Бүгін сот отырысында «ЦТС» АҚ Қайрат Сатыбалдымен жасаған медативтік келісімді қайтарып алу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni

20 қыркүйекте өткен сот отырысында «Қазақтелеком» АҚ және «ЦТС» АҚ-ның сотталушылар – Қайрат Сатыбалды мен қылмыстық істің басқа да қатысушыларымен медиативтік келісім жасалғаны айтылған еді. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ және «ЦТС» АҚ-ның сотталушылар - Бекетов, Мұхамеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаев және Леонид Муравьевтің арасында медиативтік келісім жасалғаны хабарланған.

Сондай-ақ олардың кінәсін толық мойындап, келтірген залалды – «Қазақтелеком» АҚ 12 млрд, сондай-ақ «ЦТС» 28 млрд теңгені қайтарғаны туралы айтылды. 

Бекетов, Мұхамеджанұлы, Қоңырбаев, Муравьев тағылған айыппен келіседі, 28 млрд теңге және 12 млрд теңге сомасындағы мүліктік залал келтіргені туралы кінәсін толық мойындады. Қайрат Сатыбалды тарапынан сома өтелді, кінәсін толық мойындайды, - деген еді сотталушының қорғаушысы кеше, 20 қыркүйекте өткен сот отырысында.

Тараптар арасындағы медиативтік келісімге байланысты қоғамда екі түрлі пікір айтылған еді. 

Алайда бүгінгі сот отырысында «ЦТС» АҚ медиативтік келісімді қайтару туралы өтініш білдірді. 

«Бұған дейін медиативтік келісім жасалды. Қазіргі уақытта аталған медиативтік келісімге қол қою мәселесі аяғына дейін шешілмеді. Соттан біздің өтінішімізді қарауды кейінге қалдыруды сұраймын», – деді жәбірленуші тараптың («ЦТС» АҚ) өкілі. 

Сондай-ақ компания келтірілген шығын толық өтеліп, қазіргі күні ақша мекеменің шотында екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама