×

Қайрат Сатыбалды ісі: сотталушылардың медиативтік келісім жасағаны белгілі болды

Қайрат Сатыбалдыға екі бап бойынша айып тағылып отыр

 Айнұр Шошаева 20.09.2022 | 18:32
коллаж: Halyq Uni

Бүгін Астанадағы Байқоңыр аудандық сотында Қайрат Сатыбалдыға қатысты басталған сот процесі жалғасын тапты. Онлайн режимде өткен отырыста сотталушылардың кінәсін мойындап, 12 млрд теңгені қайтарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Айта кетейік, ҚР тұңғыш президентінің немере інісі сот отырысына ЕЦ 166/1 тергеу изоляторынан бейнебайланыс арқылы қатысты.

Отырыс барысында «Қазақтелеком» АҚ және «ЦТС» АҚ-ның сотталушылар - Бекетов, Мұхамеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаев және Леонид Муравьевтің арасында медиативтік келісім жасалғаны белгілі болды.

Бекетов, Мұхамеджанұлы, Қоңырбаев, Муравьев тағылған айыппен келіседі, 28 млрд теңге және 12 млрд теңге сомасындағы мүліктік залал келтіргені туралы кінәсін толық мойындады. Қайрат Сатыбалды тарапынан сома өтелді, кінәсін толық мойындайды, - деді сотталушының қорғаушысы.

Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов медиативтік келісім «Қазақтелеком» АҚ, Қайрат Сатыбалдыұлы, Шыңғыс Қоңырбаев пен Леонид Муравьевтің арасында жасалғанын атап өтті.

«Бұл істің «Скидки» және «Последняя милия» эпизоды бойынша қатысқан тұлғалары. Аталған келімсім 2022 жылдың 8 қыркүйегінде жасалған.

....«Қазақтелеком» АҚ 12 млрд теңге залал келтіргені үшін өкініп, өз еркімен шығынды өтеуге ниет білдірді. Ол бейбіт жолмен өтелді», - деп қосты қорғаушы.

Екінші медиативтік келісім «ЦТС» АҚ мен Қайрат Сатыбалды, Марат Мұхамеджанұлы арасында жасалған.

Тараптар «ЦТС» АҚ-ға қатысты кінәсі мен 28 млрд теңге залал келтіргенін мойындайды. Істеген әрекеті үшін өкініп, медиативтік келісім жасау арқылы бейбіт жолмен шешкісі келеді, - деп толықтырды қорғаушы.

Сондай-ақ қорғаушы медиативтік келісім тараптардың татуласуы мен жазаны жеңілдетуді көздейтінін атап өтті.

Сот тараптардың пікірін тыңдап, аталған құжаттарды қылмыстық іске қосты.

Бұған дейінгі сот отырысында Шыңғыс Қоңырбаевтан жауап алынған. Атап айтқанда, ол отырыста кінәсін толық мойындап, сотқа дейінгі тергеу кезінде берген жауаптарымен келісетінін айтқан. Бүгінгі Қоңырбаев отырыста ол сотқа дейінгі тергеу кезінде өзінің құқығы бұзылмағанын және жауапты өз еркімен бергенін атап өтті. 

Сонымен бірге, Леонид Муравьев те өзінің сотқа дейінгі тергеу кезінде берген жауаптарын жеткілікті деп санайтындықтан, сот отырысында жауап беруден бас тартты.

Мен өзімнің кінәмді толық мойындаймын, өкінемін. Ары қарай бірдеңе айтудың қажеті жоқ деп есептеймін, - деді Муравьев.

Айта кетейік, оның ісі қылмыстық істе екі экпозид бойынша қаралып жатыр. Сотқа дейінгі тергеуде ол 2016 жылы Шыңғыс Қоңырбаевпен танысқанын және сол кезде оның Қайрат Сатыбалдыға жақын адам екенін білгенін айтқан. 2018 жылы Қоңырбаевтың ұсынысымен «Қазақтелеком» АҚ жұмысқа тұрып, 2022 жылдың сәуіріне дейін жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама