Жаңа салық табысы орта тұрғындарға салынбайды
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ауқатты қазақстандықтарға байлық салығы қашан салынатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
2024 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі болады. Онда бұл норма (байлық салығы – автор) енгізіледі. Президент жаңа Салық кодексін дайындаңдар деп тапсырма берді. Біз заң жобасын 2023 жылғы қыркүйекке дейін қабылдап үлгеруіміз керек. Кейін Мәжіліске ұсынамыз. Заң 2023 жылы қабылданып, 2024 жылдың басында күшіне енеді деп ойлаймын, - деді министр Мәжіліс отырысынан соң.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі байлық салығын көліктің түріне қарай салу қарастырылмайтынын айтқан еді. Ал президент Қазақстан халқына Жолдауында байлыққа қосымша салық салуды ұсынған болатын.