×

Байлық салығын көліктің моделіне қарай салу қарастырылмайды

Қазақстанда жаңа салықты енгізу мәселесі қаралып жатыр

 Дәурен Ерболат 08.09.2022 | 18:06
фото: ОКҚ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров байлық салығын көліктің түріне қарай салу қарастырылмайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы байлық салығы автомобильдің моделіне қарай салынбайтынын, мұнда көліктің құны ескерілетінін атап өтті.

Көліктердің моделіне қарай салық салу мәселесі қаралады деп ойламаймын. Мұнда оның құны ескеріледі. Бұл мәселе Салық кодексінің аясында халықпен, бизнеспен, сарапшылармен талқыланады. Автомобильдің құны 100 мың доллар немесе 150 мың доллардан басталуы мүмкін. Бұл жылжымайтын мүлікке де қатысты. Алайда ол жоғары бағаланады. Өйткені ол көлікке қарағанда қымбат, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Әлібек Қуантыров бірнеше жылжаймыйтын мүлкі бар қазақстандықтарға байлық салығы салынуы ықтимал екенін жеткізді.

«Бірнеше жылжымайтын мүлкі барларға салық салу мәселесі қарастырылып жатыр. Егер адамда 10-15 объект болса, онда ол көп төлеуі керек шығар. Барлық мәселе мұқият қаралып, талқыға салынады», - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда байлыққа қосымша салық салуды ұсынған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама