Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады
WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарды еңселерін түсірмеуге шақырды
WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (58-2-2, 39 КО) жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады.
«Біз бармыз, ағайын! Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, көк Туды желбіретеміз, бұйыртса! Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады! Біз қауіпті қарсыласпыз! Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпас үшін әлі талай сылтау айтады! Біз өз жолымызды салдық. Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық. Бұйыртса, қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз! Жеңісті күнде жолығайық!», - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.
Жәнібек Әлімханұлы отандасымыз Геннадий Головкинді қолдау үшін Лас-Вегасқа барып, жекпе-жек кезінде «Канелоны» бір раунда 3 рет құлата алатынын айтқан болатын.