×

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» бір раундта үш рет құлата алатынын айтты

Әлімханұлының командасы Instagram-да Головкин мен Альварес жекпе-жегінен видео жариялады

 Халық үні 18.09.2022 | 23:33
Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль Альваресті жеңе алатынын мәлімдеді. 

Әлімханұлының командасы Instagram-да Головкин мен Альварес жекпе-жегінен видео жариялады. Онда Әлімханұлы Канелоға қатысты ойын айтады.

Жақсы жекпе-жек. Канело бабында. Жеңіл болады негізі. Бір раундта үш рет құлатуға болады, – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Головкин - «Канело» жекпе-жегі бүгін Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама