Алматы облысында 10 жасар баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің кім екені анықталды

Халық үні

Ер адам 24 жастағы Қырғызстан азаматы болып шықты

Фото: talgarnewskz

Талғар ауданында 10 жасар баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің кім екені анықталды, деп хабарлады talgarnewskz парақшасында

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте сағат 18:45 шамасында болған. 

«Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды», – делінген хабарламада. 

Ер адам 24 жастағы Қырғызстан азаматы болып шықты. Есімі  – Агзамжан Караваев екен. 

Белгілі болғандай, жас жігіт елімізде тұруға ықтиярхат алған. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында көлік 10 жасар баланы қағып кеткендіктен, тұрғындар жолды жауып тастағанын хабарлаған болатынбыз.