Қарағандыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды (ФОТО)

Халық үні

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болды

фото: egemen.kz

Қарағанды облысында жол-көлік апатынан 4 адам қаза болды, деп хабарлайды Рolisia.kz. 

19 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Ақтоғай ауданымен өтетін «Алматы – Екатеринбург» тасжолында, Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусы соқтығысты.

«Апат салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болды.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген полиция мәліметінде.