×

Қазақстандық полицей қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Ол финалда 74 кг салмақта румыниялық балуаннан басым түсті

 Халық үні 19.09.2022 | 08:27
Фото: ҚР ІІМ

Абай облысының полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлем чемпионаты 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты.

«Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті», – делінген хабарламада.

Сафуан Мұратбеков –  қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама