Назарбаев елордаға Астана атауының қайтарылуына қарсы болған жоқ – Ертісбаев
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев елордаға Астана атауының қайтарылуына қарсы болған жоқ
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордаға Астана атауының қайтарылуына қарсы болған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев айтты.
Осылай болары айқын еді. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың елордаға бұрынғы атауының қайтарылуына қарсы болмағанын білемін. Ол қаламыздың, астанамыздың негізін қалаушы, сәулетшісі ретінде Астана атауын берді. Бұл оның бастамасы. Ол көп уақыт бойы елорданың атауын өзгертуге қарсы болды.
YouTube сайтынан да оның барлық мәлімдемесін табуға болады. Оңай таба аласыздар. Осы тұрғыдан алғанда, бұл күтерлік шешім болғанын тағы да қайталап айтамын», - деді Ертісбаев YouTube арнасында.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға Астана атауын қайтару туралы Жарлыққа қол қойды.