×

Болат Әбіловке жарты миллион теңге айыппұл салынды

Абзал Құспанның айтуынша, Әбілов оны «қызыл адвокат», «билік адамы» деп атап, «Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған адамдарды көре тұра ешқандай көмек көрсетпеді» деп жала жапқан.

 Халық үні 16.09.2022 | 21:51
Halyq Uni / Esdaulet Qyzyrbekuly

Белгілі кәсіпкер Болат Әбіловке заңгер Абзал Құспанға жала жапқаны үшін жарты миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Жақында Алматы қалалық соты Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысын күшінде қалдырды. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Абзал Құспанның айтуынша, Әбілов оны «қызыл адвокат», «билік адамы» деп атап, «Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған адамдарды көре тұра ешқандай көмек көрсетпеді» деп жала жапқан.

Мына сөздерді тыңдаған адам бізді, яғни комиссияны адамдарды ұрып жатқан сәтте камераға келіп, ешқандай көмек көрсетпестен кетіп қалды және біз кеткеннен кейінде азаптау жалғасқан деп тура түсінеді, солай ғой?, – деп жазды Абзал Құспан Facebook-тегі парақшасында.

Адвокат сотқа жүгінудегі басты себебін «Әбілов бізді қоғам алдында жамандап, мені ғана емес, бүкіл комиссияға да жала жапты» деп түсіндірді.

«Құқық бұзушылық бойынша Ә.-ның жауапкершілігін ауырлататын осыған ұқсас оқиғалардың жоқ екенін және жасы 63-тен асқанын ескере отырып сот оған 180 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздеп отыр. Бұл 551 340 теңгені құрайды. Сотта А. кінәсін мойындамады, ал жәбірленуші Қ. заңға сәйкес құқық бұзушыны жауапқа тартуды сұрады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіппен шағымдануға болады», – деп хабарлады Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама