×

Тоқаев «тілегін домбырамен үйлестіргісі келген» Рим папасына ұлттық аспабымызды сыйлады

Ол «Қазақстан» концерт залында қазақ еліне деген ыстық ықыласын білдірген еді

 Еркеғали Болатұлы 15.09.2022 | 17:44
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы Францискке естелік үшін қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.

Еске сала кетсек, Рим папасы «Қазақстан» концерт залында қазақ еліне деген ыстық ықыласын білдіріп, ұлттық аспабымыз – домбыра туралы да пікірін айтқан еді.

Бұл – батырлардың жері, бұл – ойшылдардың жері, бұл – суретшілердің, өнер адамдарының жері. Бұл жер мәдениетке толы және мұнда қайғылы оқиғалар да болған. Қазақ халқы басқа түскен қаншама қиындықтарға мойыған жоқ, асқан қайсарлықпен төтеп берді... Мен даусымды, тілегімді домбырамен үйлестіргім келеді, - деген еді сонда Рим папасы.

Бұл жолы Қазақстан билігі тарапынан оның сол тілегі ескеріліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама