×

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде көш бастады

Бұл тізімде тағы бір кәсіпқой боксшы отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов та бар

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 17:39
фото: ашық дереккөз

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде көш бастады.

Бұл тізімде тағы бір кәсіпқой боксшы отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов та бар.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қарашада өткізуі мүмкін. Оның қарсыласы –  Бүкіләлемдік бокс ұйымының рейтингісінде үшінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькао.

Бразилиялық боксшы Фалькао әлеуметтік желіде Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан болатын. Жәнібек онымен мен жекпе-жек өткізуге келісті.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы атағы жоқ боксшылардың қызықтырмайтынын ескерткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама